Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «LauRus2019»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «LauRus2019» өз іс–әрекетінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, МдҰ ның типтік бағдарламасын, жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысын басшылыққа алып жұмыс жасайды.

«LauRus» балабақша-гимназия екі қабатты, жобалық қуаты 53 орынға және тәрбие–оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін жас ерекшеліктеріне сәйкес 3 топ жұмыс жасайды. Топтарда жас ерекшеліктеріне байланысты 5 жастағы балалар тәрбиеленеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «LauRus2019» бейімделген ғимаратта орналасқан, материалдық базасы заманауи талаптарға сай жасақталған. Қолөнер, домбыра, шахмат, логопед-дефектолог кабинеттері жабдықталып қамтылған.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «LauRus2019» педагогикалық ұжымы құрамында педагог- модератор білікті санаты бар педагог-мамандар қызмет атқарады. Педагогтарымыз бөбекжайдағы балалардың жүректеріне жылулық пен қуаныш ұялатып, жағымды эмоцияға толтыруға тырысады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «LauRus2019»

Біздің миссиясымыз:

Біз балаларға тәрбие мен білім бере отырып, Елімізді көркейтеміз! Кішкентай балаларға үлкен болашақ сыйлаймыз және өздеріне деген сенімділіктерін арттырамыз!